Ақтөбе қаласындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия
0
Ақтөбе қаласының #2 жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясында 5 қыркүйек "Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесі қыркүйек айының 06.09-22.09 күндері аралығында аталып өтті .

Ақтөбе қаласының #2 жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясында 5 қыркүйек "Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесі қыркүйек айының 06.09-22.09 күндері аралығында аталып өтті . Аталған шара А.Байтұрсынұлының Қазақ тілінің дамуына қосқан үлесін, ерен еңбегін әр қазақ тілі пәнінің мұғалімі өзінің бір күндік сағатында ҚМЖ -на кіріктіріп насихаттаудан басталып, шара "Тіл -асыл қазына" тақырыбымен ашылды. Қазақстан халқы тілдері күніне арналған шарада мектепішілік "Тіл мерейі - ел мерейі","Тіл-тірегім" "Көп тіл білу -өнер","Мемлекеттік тіл-менің тілім" тақырыптарында ашық сабақтар, сыныптан тыс сағаттар, қосымша танымдық сағаттар өткізілді. Шара мақсаты: Оқушылардың тілдік дағдыларын бақылау және тілді көп білудің маңызын ұғындыру.

Аталған шарада оқушылар тілге қатысты тапсырмаларды орындап, эссе жазып, мәнерлеп өлең оқып, тілдерді үйренудің, көп тіл білудің қажеттілігін түсінді. Қазақша сөздерді бірнеше тілде айтып көрді. Тілдер мерекесінде оқушылардың өзге тілді білуге деген құштарлығы бар екені көрінді. Әйтседе, өз ана тілін өте жақсы деңгейде білу -парыз екен түсінеді. Шараға белсенді қатысқан оқушылар алғыс хатқа ұсынылды.