Ақтөбе қаласындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия
0
"Қазақстан. Астана-кеше, бүгін, ертең. Unforgettable Past. Respectable Present. Great Future!»

Астана күнін мерекелеу қарсаңында №2 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі кафедрасы қазақ және орыс тілдері мұғалімдерімен бірлесіп "Қазақстан. Астана-кеше, бүгін, ертең. Unforgettable Past. Respectable Present. Great Future!» атты конференция TEDx форматында жүргізілді. Конференция жұмысы жазғы мектептің 7-10 сынып оқушылары қатысуымен өтті. Конференция оқушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, олардың белсенді танымдық қасиеттерін шыңдау, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, патриотизмді тәрбиелеу және өз елінің мәдениеті мен тарихын құрметтеу мақсатында өткізілді. Оқушылардың үздік жұмыстары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.