Ақтөбе қаласындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия
0
Бүгін 20 наурыз күні облыстық білім басқармасының басшысы Ж. Батырхан мен қалалық білім бөлімінің басшысы С. Сүлейменов қаламыздағы бірқатар білім беру нысандарын аралады

Бүгін 20 наурыз күні облыстық білім басқармасының басшысы Ж. Батырхан мен қалалық білім бөлімінің басшысы С. Сүлейменов қаламыздағы бірқатар білім беру нысандарын аралады. Бұл сапардың негізгі мақсаты - үш ауысымға кету қаупі бар мектептердің мәселесімен танысу, күрделі жөндеуді қажет ететін білім беру мекемелерінің жай-күйін бағамдау.

Басқарма басшысы бүгінгі іссапарын 1551 оқушы білім алатын, жобалық қуаты 960 оқушыға шақталған №2 орта мектеп-гимназиясынан бастады. Көне қалада аумағындағы білім беру нысаны 1966 жылы салынған.

1936 жылы ашылған №14 орта мектеп 320 баланың білім алуына арналған. Алайда қазіргі уақытта 1274 оқушыға білім беруде. Құрылысы ғасырға жуықтаған мектептің 2018 жылы шатыры жаңартылып, 2020 жылы күрделі жөндеуден өткен. Мұндағы мәселе - мектепке дейінгі білім беру орындарының тапшылығы болып отыр.

1025 оқушы білім алатын №22 ОМ 1923 жылы ашылған. Қатар салынған екі ғимараттың негізгі бөлігінде 2007 жылы жылыту жүйесі, 2012 жылы шатыры және терезелері ауыстырылған. Қазіргі уақытта оқытушыларға және арнайы пәндер өтетін сыныптар жетіспеушілігі байқалады.

1481 оқушы білім алатын (жобалық қуаты 600 оқушы) 2012 жылы ашылған №8 орта мектебіне, 734 оқушы білім алатын (жобалық қуаты 280 оқушы) 1951 жылы ашылған №12 орта мектебіне және 2069 оқушы білім алатын (жобалық қуаты 1200 оқушы) 2003 жылы ашылған №51 мектеп гимназиясына барды.

Облыстың бас педагогы ұстаздармен тілдесіп, аталған мәселелер бойынша мектеп басшыларымен кеңесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады.