Ақтөбе қаласындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия
0
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.

"АТАЛАРДЫҢ АҚ БАТАСЫ"
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған.