Ақтөбе қаласындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия
0
Директор блогына қош келдіңіз

Құрметті ата-аналар! Сіздің балаларыңыздың 11-сыныпты бітіруіне байланысты сыныптың ата-аналарынан мектеп қажеттіліктері мен мұғалімдерге сыйлықтар үшін ақша жинауға жол бермеу туралы еске салғым келеді! Мектеп бюджеттен қаржыландырылатындықтан, мектепке және мұғалімдерге сыйлықтар қажет емес. Бүгінгі таңда мұғалімнің еңбегі мемлекет тарапынан лайықты төленеді. Сіз алғысыңызды 2021 жылдың 14 маусымында түлектерге аттестаттарды салтанатты тапсыру кезінде ғана ауызша тілектеріңізді жолдап білдіре аласыздар.

 

Бүгін, 27 сәуір күні Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 10 жылдығына арналған «Сапалы жетістікке 10 жыл» шарасы аясында Ақтөбе қалалық білім бөліміне қарасты мектеп басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарының директорларының, «Ақтөбе-Өрлеу» БАҰО , Педагогикалық шеберлік орталығы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Қалалық әдістемелік кабинет мамандарының қатысуымен әдістемелік айлықтың алғашқы семинары өтті.
Семинардың негізгі мақсаты-жаңартылған білім беру мазмұны аясында кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған білім беру ұйымдары басшыларының жұмыс тәжірибесімен алмасу, сапалы білімді қамтамасыз етудің тиімді жолдарын бөлісу.
Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім – инновация» лицей-интернатының директоры К.Кұралбаев, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математика мектеп – интернатының директоры К.Тлеумагамбетова, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Н.Аманов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ бекітілген «Оқуға құштар мектеп» жобасын енгізудегі жұмыстарын атап өтті. Сонымен қатар, семинар барысында қалалық №2 ОМГ директоры С.Данишева, №9 ОМГ директорының орынбасары Б.Мустафина, №11 ОМГ директоры Г.Избасканова, №17 ОМГ директорының орынбасары Е.Макарова, №20 ОМЛ директоры Б.Урумбаева, №23 ОМЛ директоры Г. Наримбетова және №72 IT мектеп-лицейінің директоры С.Салиш баяндама жасап, мектептің озық тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар семинар қорытындысы бойынша тақырыптың маңыздылығын және семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, ғылыми ынтымақтастыққа және осындай кездесулерді жалғастыруға ниеттерін білдірді.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.